Өрт сөндіру бекеті – ел игілігіне. Жаңақала ауданы Мәстексай ауылдық округінде ауыл халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Салтанатты рәсімге өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жанболат Жаншин, аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, сала ардагерлері, ауыл ақсақалдары мен жергілікті тұрғындар қатысты. Жаңа бекет Мәстексаймен қатар маңайдағы елді мекендердің де қауіпсіздігін арттыруға ықпал етпек.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо