Ақсай қаласында ұлттық домбыра күніне орай ауқымды марафон өтті. Акцияның басты мақсаты – ел арасындағы өнерлі азаматтарды тауып, ұлттық өнерді кеңінен насихаттау, домбыра мәдениетін дәріптеу және халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлау болды. Шара аясында жас домбырашылар күй тартып, аудан өнерпаздары әсем әндерін шырқады.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо