Күй астанасы – Жаңақалада Қазақстанның Халық әртісі, күй анасы Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Әсем қоңыр» республикалық домбырашылар байқауы өтуде. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар бірнеше кезең бойынша бақ сынап жатыр. Алғашқы сыннан сүрінбей өткен қатысушылар екінші кезеңге жолдама алып, шеберліктерін тағы бір мәрте таразыға салды. Бүгін қазылар алқасы екі кезеңнің қорытындысын шығарып, республикалық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо