Жағымды жаңалыққа кезек берсек. Оралда дәстүрлі «Тойбастар» этнофестивалі басталды. Облыс әкімдігінің қолдауымен, БҚО Іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылып отырған биылғы іс-шараға көршілес РФ, Тәжікстан мен Өзбекстан және Қырғызстаннан қолөнер шеберлері келді. Осы халықаралық деңгейдегі этнофестивальдің бірінші күнінде әр елден арнайы атбасын бұрған қолөнершілер көрме ұйымдастырып, шеберлік сағатын өткізді. 

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо