А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға сала өкілдері, ардагерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев мамандарды мерекемен құттықтап, елдегі заң үстемдігін қамтамасыз етуде сот билігінің орны ерекше екенін атап өтті.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо