«Сахна саңлағы». Осындай атаумен Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармониясында КСРО Халық әртісі, қазақ опера өнерінің көрнекті өкілі Ермек Серкебаевтің туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті. Камералық залға жиналған өнерсүйер қауым әйгілі әншінің репертуарындағы туындыларды жергілікті өнерпаздардың орындауында тыңдап, дара таланттың шығармашылық мұрасына құрмет көрсетті.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо