Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қалалар атанды. Батыс Қазақстан облысы мен Ляонин провинциясы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды келісімге Шэньян шаһарында өткен халықаралық конференцияда қол қойылды. Аспанасты еліндегі ауқымды іс-шараға аймақ басшысы Нариман Төреғалиев бастаған батысқазақстандық делегация арнайы қатысты. 50 мемлекеттің өкілдері бас қосқан алқалы жиында өңірдің инвестициялық әлеуеті таныстырылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо