14 маусым – Дүниежүзілік қан доноры күні. Осы атаулы күнге орай Оралдағы облыстық қан орталығында үш күндік акция басталды. Игі шара аясында тұрғындар мен түрлі мекеме қызметкерлері ерікті түрде қан тапсырып, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге атсалысуда. Мамандар донор қанына сұраныс жыл бойы үзілмейтінін айтады. 

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо