Әкім мен халық арасындағы ашық диалог жалғасуда. Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тұрғындармен кезекті кездесу өткізіп, шаһардың өзекті мәселелерін талқылады. Ашық форматта өткен жиында тұрғындар көкейдегі сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Кездесуге қала әкімдігі бөлімдерінің басшылары, мәслихат депутаттары, прокуратура және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо