Өңірдегі балалар әдебиеті мен руханиятының қарашаңырағына айналған Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына биыл 65 жыл толды. Айтулы мерейтойға орай «Атамекен» өнер ордасында халықаралық конференция ұйымдастырылды. Онда кітапхана ісінің бүгінгі беталысы мен болашақтағы даму бағыттары кеңінен талқыланды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо