Аймақтағы өзен-көлдерде жүргізілген табиғатты қорғау жұмыстары барысында балық инспекциясының қызметкерлері жүздеген құрылған ау мен ондаған мың тонна қоқыс қалдықтарын жағалауға шығарды. 1 сәуірде басталған «Таза су айдындары» акциясы су көздерін ластанудан, заңсыз балық аулау құралдарынан және экожүйеге кері әсер ететін өзге де факторлардан тазартуға бағытталған. Бұл табиғи тепе-теңдікті сақтап, балықтардың уылдырық шашуына қолайлы орта қалыптастыру үшін маңызды шара. 

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо