Жаз – балалар үшін еркіндік пен қуаныштың, жаңа әсерлер мен жарқын оқиғалардың мезгілі. Үш айлық демалысты асыға күткен оқушылар үшін қаладағы жазғы лагерьлер өз есігін айқара ашты. Мұнда әр күн қызықты кездесулер мен ұмытылмас сәттерге толы. Биыл Орал қаласында мектеп оқушыларының жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру мақсатында 109 лагерь жұмыс істейді. Онда 60 мыңға жуық баланы қамту жоспарланған. Бұл тек бос уақытты өткізетін орын емес, балалардың шығармашылығын шыңдап, жаңа достар тауып, өз қабілеттерін ашатын үлкен мүмкіндік алаңы.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо