Биыл өңірдегі жол инфрақұрылымын жақсартуға 100 миллиард теңге бөлінді. Қаражаттың бір бөлігі республикалық және халықаралық маңызы бар автожолдарды жаңғыртуға бағытталса, қалғаны қала көшелерін жөндеуге жұмсалады. Орал қаласында жол жөндеу науқаны әзірге қарқын ала қойған жоқ. Бұған қолайсыз ауа райы әсер етіп отыр. Соған қарамастан, кейбір көшелерде жұмыстар аяқталып, ірі жобаларды іске асыруға дайындық жүріп жатыр.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо