Теректі ауданында халықаралық деңгейдегі кітапханашылардың басқосуы өтті. Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының 65 жылдығына арналған «Уақыт белесіндегі кітапхана: даму үрдісі мен болашағы» атты халықаралық мерейтойлық конференция аясында ұйымдастырылған жиынға еліміздің жетекші кітапханаларының басшылары, сала мамандары және Ресей Федерациясынан келген мәдениет қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында кітапханалардың бүгінгі тыныс-тіршілігі, заманауи бағыттары мен келешек даму мүмкіндіктері сөз болды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо