Бәйтерек ауданының Дариян ауылы маңындағы 3 гектар алқапқа егілген құлпынай биыл алғашқы рет мол өнім беруде. Берекелі бастама ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, жергілікті кәсіпкерліктің дамуына серпін беріп отыр. Жоба «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасының қолдауымен жүзеге асқан. Бағдарлама аясында ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 31 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, өңір үшін тың бағыт саналатын құлпынай шаруашылығын дамытуға мүмкіндік алған.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо