Оралда ҚР чемпионы, спорт шебері, көкпаршы әрі Жәнібек ауданындағы ұлттық спорт мектебінің негізін қалаушылардың бірі Жәнібек Бисекешовті еске алуға арналған аударыспақтан және жаппай көкпардан қалалық ашық турнир өтті. Дәстүрлі жарысқа облыстың әр ауданынан және көршілес өңірлерден келген спортшылар қатысып, ұлттық спорттың көрігін қыздырды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо