Қадырсарай рухани қазынамен толықты. Белгілі қаламгер, «Скифиада» тарихи дастанының авторы, аудармашы Аманғали Сұлтановтың жеке кітапханасы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының қорына тапсырылды. Ғұмырының басым бөлігін Мәскеуде өткізген жерлесіміз қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосты. Қаламгердің әдеби мұрасының туған топыраққа оралуы – өңір мәдениеті үшін маңызды оқиға. Енді сирек кітаптар мен құнды басылымдар оқырман игілігіне қызмет етпек. 

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо