Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Құқығыңды біл және қорға!» атты форум-ойын өтті. Жоғары оқу орны мен облыстық әділет департаменті ұйытқы болған іс-шараға бірнеше университеттің студенттері қатысты. Мақсат – жастардың құқықтық білімін арттырып, оларға заң нормаларын ойын арқылы меңгерту.