«Ауыл» партиясы ұйымдастырған «Аграрлы Қазақстан» жобасының қорытындысы бойынша «AQJAIQ» телеарнасы жүлделі екінші орынға ие болды. Төл арна облыстағы 12 ауданның сан саладағы тыныс-тірлігінен хабар таратты. Республикалық өнер бәйгесінде алғашқы үштіктен көрінген әріптестеріміздің жеңісі ұжым үшін ортақ жетістік.