22-31 қазан аралығында Бахрейннің Манама қаласында жасөспірімдер арасындағы III Азия ойындары өтті. 220 спортшы Қазақстан құрамасы сапында ел намысын қорғады. Олардың қатарында батысқазақстандықтар да бар. Дзюдодан топ жарып, елге жарқын жеңіс сыйлаған Фатима Сұпығалиеваны жерлестері әуежайдан салтанатты түрде күтіп алды.