Өңірде «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өткізілді. Ел аумағында бір мезетте ұйымдастырылған іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, экономикалық тергеп-тексеру, мемлекеттік кірістер және әділет департаменттерінің қызметкерлері мен заңгерлер қатысты. Тұрғындар оларға жеке мәселелері бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.