Аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытындағы жұмыстар өз нәтижесін беруде. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өңірде бірегей жобаларды іске асыруды қолға алған Иран Ислам Республикасы мен Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен кездесті. Байланысты одан әрі нығайту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.