Соңғы жылдары елімізде ерекше балалар саны артқан. Тілі шықпай, айналаға алаңдамай, тәрбиені қабылдамай жататын балдырғандардың ақыл-ойын дамыту оңай шаруа емес. Осы орайда оралдық Айза Маметанова мұндай өрендердің танымын арттыратын ойындар ойлап тапқан. Оның өнертабысы қазір ел деңгейінде сұранысқа ие болып отыр.