Әкім бол, халқыңа жақын бол. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында облыс әкімі Нариман Төреғалиев оралдықтармен кездесті. Кездесуде шаһар басшысы Мұрат Байменов атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Соңынан облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, сұрақтарға жауап берді.