Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында жерлесіміз Әміржан Тасболатовты еске алу кеші өтті. «Жарқ етіп сөнген бір жұлдыз» жобасы аясында «Жаңғырады жүректе...» деген атаумен ұйымдастырылған тағылымды шараға мәдениет майталманының үзеңгілес достары мен әріптестері және отбасы қатысты.