Достық үйінде туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы ұйым басшыларының республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Оның жұмысына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мен бірқатар министрліктің өкілдері, мәслихат депутаттары, туристік-өлкетану және экология-биологиялық бағыттағы ұйымдардың басшылары, педагогтері қатысты.