Мемлекет басшысы Жолдауда өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беру қажеттігін айтты. Елімізге қомақты инвестиция тарту мәселесіне де ерекше екпін түсірді. Президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында өңірде нақты жобалар қолға алынды. Мәселен, бірер күн бұрын теріні терең өңдейтін зауыт қайта іске қосылды. Кәсіпорын жұмысын жаңғыртуда ирандық инвестордың қолдауы зор.