Жыл басынан бері еңбек заңнамасының сақталмауына қатысты өңір тұрғындарынан 1000-нан аса өтініш түскен. Бұл өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 34 пайызға көп. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің БҚО бойынша департаментінің өкілі осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы баяндады.