Жәнібек ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң көрсеткіштер байқалады. Әсіресе төрт түліктің саны артып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.