Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында кең ауқымды көгалдандыру акциясы өтті. Шаған өзенінің жағалауында орналасқан мәдениет және демалыс саябағында жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың 50 түп көшеті отырғызылды.