1990 жылы еліміз егемендік туралы декларацияны қабылдады. Кейін мемлекетіміздің аумақтық тұтастығын айқындаған шекарамыз бекіп, оны күзететін әскери құрылымдар жасақталды. Соның бірі республикамыздың батыс қақпасы - Орал қаласында орналасқан. Биыл 2029 әскери бөліміне 25 жыл толып отыр. Осыған орай салтанатты жиын өтіп, аға буын өкілдеріне құрмет көрсетілді.