«Ауылым – алтын бесігім». Осындай атаумен Қаратөбе ауданында этнофестиваль өтті. Ауқымды шара ұлы даланың тамыры терең тарихын, бай мәдени мұрасын, салт-дәстүрін дәріптеуге бағытталды. Жыраулар шеруі, ретроәндер фестивалімен қатар аударыспақ, қазақ күресі, аламан бәйге сынды төл ойындар ұйымдастырылды.