Оралда «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, академик, Казақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімовтің 75 жылдық мерейтойына арналған XVII Халықаралық ғылыми Нәдіров оқулары өтті. Қазақстан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінің ғалымдары цифрландыру мен жасанды интеллект жағдайындағы инженерлік ғылым мен білімнің дамуы мәселелерін талқылады. Келесі бейнематериалда толығырақ.