Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жылына екі мәрте, наурыз бен қазан айының соңғы жексенбісінде ел аумағында бір мезгілде ұйымдастырылады. 26 қазанда саяси шара өңірдің қос ауданында өтпек. Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Сырым ауданына арнайы барды.