Жолшылар жарысты. Орал қаласында жол саласы қызметкерлері арасында волейбол мен футзалдан Автомобиль жолдары комитеті төрағасы кубогының аймақтық кезеңі ұйымдастырылды. Оған 7 өңірдің командалары қатысып, өзара мықтыларды анықтады.