Орал қаласында Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлидің туғанына 90 жыл толуына орай «Күндер-ай» аймақтық әншілер байқауы өз мәресіне жетті. Өнер бәйгесінің үздіктері облыстық халық шығармашылығы орталығында өткен гала-концертте марапатталды.