М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде биыл ғана оқуға түскен талапкерлерді салтанатты түрде студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Университет ректоры Нұрлан Серғалиев жалындаған жастарды студент атануларымен құттықтап, білім әлеміндегі қадамдарына сәттілік тіледі. Іс-шараға студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері, ҚР Президенті атындағы атаулы шәкіртақы иегерлері, сонымен қатар білімде, ғылымда, өнерде және спортта үздік нәтижемен озық шыққан республикалық, облыстық, қалалық байқаулардың жеңімпаздары мен түлектер қатысты.