Биыл – Орал кеме жөндеу зауытының құрылғанына 100 жыл. Аймақтағы ең көне өнеркәсіптік кәсіпорын ғасыр бедерінде түрлі кедергіні артқа тастап, замана көшінен қалмай келеді. Су көліктерін, қалқымалы көпірлер мен сорғы станцияларын құрастыру және жаңғырту жұмыстарымен айналысатын кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігі келесі бейнематериалда.