ӘЛІМЖЕТТІККЕ ЖОЛ ЖОҚ!
Қазақстанда 21 қарашадан бастап сабаққа қатысуды бақылау күшейтіліп, буллингке қарсы күрес қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді әлімжеттік туралы түскен ақпарат білім басқармасында бір жұмыс күні ішінде тіркелуі тиіс. Сондай-ақ мектептер жәбір көрген оқушыларға психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыруға міндеттелді. Бұл бағыттағы жұмыстар біздің өңірде де жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Полицияның мәліметінше, тұрақты профилактикалық шаралардың нәтижесінде биыл облыста буллингке қатысты бірде-бір өтініш тіркелмеген. Бұған қоса, әлімжеттіктің алдын алу жұмыстарына цифрлық технологиялар да тартылған. Өңірде бұл бағыттағы жұмыстар қалай жүргізілуде?
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо