Негізгі Жаңалықтар ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ӨРІСІ КЕҢЕЙДІ

ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ӨРІСІ КЕҢЕЙДІ

Өңірде өндірілген өнімдер енді ел ішінде ғана емес, шетел нарығында да сұранысқа ие. Аймақ кәсіпкерлері отандық өнімнің үлесін арттырып, экспорт көлемін кеңейтіп келеді. Былтыр облыстың өңдеу өнеркәсібі 352 миллион доллардан астам өнімді сыртқы нарыққа шығарған. Ал биылғы алғашқы жартыжылдықта ірі кәсіпорындар сатып алған отандық өнімнің үлесі 49 пайыздан асты. Өндірісте мұнай-газ жабдықтарынан бастап, күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарға дейін қарқын алып келеді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу