ТІЛДІҢ ЦИФРЛЫҚ БОЛАШАҒЫ
Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, оны ғылым мен заманауи технологиялар тіліне айналдыру – мемлекеттік тіл саясатының маңызды бағыттарының бірі. Бұл ретте тілдің жазу нормаларын біріздендіру, цифрлық кеңістіктегі мүмкіндігін арттыру және жасанды интеллект жүйелеріне бейімдеу мәселелері өзекті. Осы міндеттер Оралда өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Басқосуға ғалымдар, тіл мамандары, қоғам өкілдері мен жастар қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо