ИНВЕСТИЦИЯ АРТЫП, ӨНДІРІС ӨРІСТЕДІ
Сенбі, 21 қараша күні телеарнамыздың эфирінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен арнайы бағдарлама көрерменге жол тартты. Эфир барысында өңір басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып, аймақта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерді баяндады. Әсіресе Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауынан туындайтын басым бағыттар мен оларды өңірде жүзеге асыру тетіктері кеңінен сөз болды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо