ОРАЛДЫҚ КӘСІПОРЫН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР ШЫҒАРАДЫ
Орал қаласында бірнеше жылдан бері ветеринарлық дәрі-дәрмек шығаратын бірегей кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Мұндай бағыттағы өндіріс орындары Қазақстанда көп кездеспейді. Сондықтан бұл зауыт Батыс Қазақстан облысының ғана емес, еліміздің агроөнеркәсіптік және фармацевтикалық саласы үшін де айрықша маңызға ие. Оралдық компания мамандарының ғылыми ізденісі негізінде жасалған препараттар ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо