«ЖАС САРБАЗ-2026»
Оралда «Жас сарбаз-2026» облыстық әскери-патриоттық әндер және шығармашылық фестивалі өтті. Байқауға өңірдің аудан-қалаларынан келген жас өнерпаздар қатысты. Олар патриоттық тақырыптағы әндерді орындап, шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Екі күнге жоспарланған фестивальдің негізгі мақсаты – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери-патриоттық әндерді насихаттау және дарынды жасөспірімдерді қолдау.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо