ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА – 100 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА
Келер жылы Шыңғырлау ауданының 100 жылдық мерейтойына орай 100 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Осы мақсатта «Атамекен» өнер ордасында арнайы инвестициялық форум өтті. Басқосуға 40-қа жуық кәсіпкер мен туған жердің өркендеуіне үлес қосуға ниетті азаматтар қатысты. Жиында ауданның экономикалық әлеуеті таныстырылып, алдағы кезеңге арналған жобалар көпшілік назарына ұсынылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо