ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМДЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАРЫҚҚА ЖОЛ ТАРТАДЫ
Өңір тарихында тұңғыш рет жергілікті кәсіпкерлер «Қорғас» халықаралық сауда алаңында өз өнімдерін саудаламақ. Облыстық Іскер әйелдер кеңесінің алты мүшесі бірігіп, алғашқы тауар партиясын жөнелтуге дайындалды. Оның ішінде азық-түлік өнімдері, ұлттық қолөнер бұйымдары мен жергілікті жерде өндірілген кәдесыйлар бар. Алғашқы партияның көлемі 500-ден астам өнімді құрайды. Өңірлік кәсіпкер әйелдер үшін бұл – жай ғана жаңа сауда мүмкіндігі емес, халықаралық деңгейге шығуға бастайтын маңызды қадам.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо