АУДАННЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Сырым ауданында әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны қалай? Аграрлық әлеуетті арттыру, инвестиция тарту және ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту бағытында қандай жобалар жүзеге асырылып жатыр? Бұл мәселелер Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте кеңінен талқыланды. Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов өңірдің тыныс-тіршілігі мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо