Негізгі Жаңалықтар «МҰХИТ МҰРАГЕРЛЕРІ» АТТЫ КОНЦЕРТ ӨТТІ

«МҰХИТ МҰРАГЕРЛЕРІ» АТТЫ КОНЦЕРТ ӨТТІ

Батыс сырлы әуенімен Алматыны тербетті! Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясының 60 жылдық мерейтойлық гастролі аясында Ақжайықтың өнерпаздары оңтүстік астанада концерт берді. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концерттік залында өткен «Мұхит мұрагерлері» атты кеште дәстүрлі ән орындаудан жаһандық рекорд орнатқан қос тарлан — Хатимолла Бердіғалиев пен Қайрат Кәкімов өнер көрсетті. 


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу