ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ӘУЕДОП ЖАРЫСЫ
Қазталов ауданының Жалпақтал ауылында білім саласының өкілдері волейбол алаңында бас қосты. «Ұстаз – биік тұғырда» атты ашық турнирге өңірдің әр түкпірінен жиналған 12 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Спорттық дода мұғалімдер арасындағы достық байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат етті.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо