Негізгі Жаңалықтар КҮЗГІ ЛИРИКА

КҮЗГІ ЛИРИКА

Қоңыр күзде көңілге жылу сыйлаған әсем әндер шырқалды. Оралдағы Жастар мәдениет сарайында «Күзгі лирика» атты акустикалық ән кеші өтті. Сахна төрінде өнер көрсеткен Алтынбек Базаров пен Елжас Мағзом көрерменге қазақ эстрадасының танымал туындылары мен авторлық әндерін ұсынды. Жанды дауыста өткен концертте сағыныш пен махаббат тақырыбындағы шығармалар орындалып, көпшілік ерекше әсерге бөленді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу